Алакөл көлінде 4 адам су бетінде қалып қойды
Абай облысының Мақаншы ауданында орналасқан Алакөл көлінде төрт адам мінген катамаран бұзылып қалды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар су айдынын патрульдеу кезінде жағалаудан 600 метр қашықтықта су бетінде қозғала алмай қалған катамаранды байқап, дереу көмекке асыққан.
Катамаранда болған төрт жасөспірім арнайы құтқару қайығымен қауіпсіз түрде жағаға жеткізілді. Абырой болғанда, ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Төтенше жағдайлар министрлігі су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Су жағасында демалу кезінде құтқару құралдарын пайдалану және ауа райы жағдайын ескерудің маңызы зор.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жаңаөзенде «Біліміміз - елімізге» атты волонтерлік жоба өтті
Келесі жаңалық
Бала асырап алушыларға қойылатын талаптар күшейтілді
Өзгелердің жаңалығы