3 Тамыз 2025 2025, 22:38 Фото: скрин

Алакөл көлінде 14 адам, оның ішінде 8 бала құтқарылды

Бүгін Абай облысы ТЖД құтқарушылары патрульдеу барысында жағалаудан 20 км қашықтықтағы аралда қалып қойған 14 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Абай облысы ТЖД құтқарушылары патрульдеу барысында жағалаудан 20 км қашықтықтағы аралда қалып қойған 14 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайықтың ақаулығы салдарынан топ өз бетінше жағаға шыға алмай жауын-шашын мен бұршақ астында тұруға мәжбүр болды.

Жедел-құтқару жасағының күшімен барлық зардап шеккендер құрлыққа сәтті жеткізілді. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады.