Қала күні қарсаңында елорданың кішкентай тұрғындары өнер көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елорданың ең кішкентай тұрғындары қала күніне орай Елбасы кітапханасында өнер көрсетті.

«Армысыздар, қадірменді қонақтар, еліміздің ертеңі – біздің сәбилеріміз, әріптестеріміз, ата-аналар! Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кітапханасына қош келдіңіздер. Қалыптасқан дәстүр бойынша жыл сайын елордамыздың күні қарсаңында қаламыздың ең кішкентай тұрғындары өздерінің ән, би, өнерлерін арнайды. Міне, бүгін де сіздердің қошемет, қолдауларыңызбен ортаға №35 «Ертегі» және №72 «Жанарым» балабақшаларының тәрбиешілері мен бүлдіршіндері өздеріңізді елорда күні қарсаңында құттықтап, өнерлерін ортаға салуға дайын отыр. Ендеше, Елбасы кітапханасы мен білім басқармасының арасындағы және Нұр-Сұлтан қаласы балабақшаларының арасындағы серіктестігіміз мерекелік іс-шұараға айналсын демекпіз», - дейді ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ботагөз Каипова.


№35 «Ертегі» және №72 «Жанарым» балабақшаларының тәрбиешілері мен бүлдіршіндері әннен шашу шашып, мың бұрала билеп, Нұр-Сұлтан қаласына арналған өлең жолдарын оқыды.










Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы