Қала аумағын ерітіндімен өңдеуге күніне 450 адам қатысады
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Дезинфекциялау шараларын өткізуге қалалық қызметтерден басқа, қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшесінің әскери қызметшілері де жұмылдырылды.
Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Адам көп жиналатын жерлерге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы "Хабар24" арнасы арқылы тікелей эфирде өткен онлайн брифинг кезінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты.Әлеуметтік нысандар, базарлар, супермаркеттер, тротуарлар, балаларға арналған ойын алаңдары, кіреберістер мен тағы басқа да тиісті жерлер дезинфекциялануда. Қала аумағын ерітіндімен өңдеуге күніне 450 адам қатысады. Дезинфекциялау шараларын өткізуге қалалық қызметтерден басқа, қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшесінің әскери қызметшілері де жұмылдырылды,-деді ол.Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында диспансерлік есепке алынған, онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар, жүкті әйелдер, жасы 65-тен асқан азаматтар маскамен қамтылуда.
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының медициналық мекемелерінде тіркелген тұрғындарды маскамен қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі таңда "СК-Фармациямен" ЖШС-нен 300 000 медициналық маска алынды. Медициналық маскалар диспансерлік есепке алынған онкологиялық ауруға шалдыққан науқастарға, жүкті əйелдерге үлестірілуде. Осылайша, аяғы ауыр əйелдерді қамтамасыз ету үшін 68 500, егде жастағы азаматтар үшін 183 500, онкологиялық ауруларға шалдыққан азаматтар үшін 48 000 маска бөлінді,-деді Бақтияр Мәкен.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Нұр Отан" партиясы төрағасы ретіндегі тапсырмасына сәйкес, қалалық еріктілер партиясының волонтерларымен бірлесіп, "Біргеміз" акциясы аясында 5000-нан астам отбасыға тиісті әлеуметтік көмек көрсету шаралары жалғасуда.
Соның ішінде 3500-ден астам отбасыға, жалғыз тұратын зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдеріне атаулы көмек көрсетілуде. Бұдан бөлек, 25-наурыздан бастап еорда волонтерлары медициналық қызметкерлермен бірлесіп, диспансерлік есепте тұрған егде жастағы азаматтарға қажетті дәрі-дәрмектерді үйлеріне жеткізуде. Карантин кезінде "Қазпошта" қызметкерлері мен еріктілер бірлесіп, зейнетақыны ақшалай алатын азаматтарға үйлеріне жеткізіп беруде, - деді ол.Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен медицина қызметкерлеріне бүгіннен бастап сыйақы берілетінін хабарлаған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы