Қала атауының өзгеруі жарқын болашаққа деген жаңа талпыныс

Ақтөбе,  BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің бас қаласының "Нұр-Сұлтан" болып өзгеруін "Nur Otan" партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев қолдайды. Астана қаласы атауының өзгеруін болашаққа деген нық сенім деп біледі.

"Елордамыз Астана қаласын "Нұр-Сұлтан" деп атауын өзгерту туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің қабылдаған шешімі - тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, керегесін кеңейтіп, шаңырағын биікке асқақтатқан Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа деген ақ пейіл, шынайы құрмет, халқымыздың ризашылығы деп түсінемін. Қала атауының өзгеруін жарқын болашаққа деген жаңа талпынысқа, үлкен сенімге, ақталар үмітке балаған дұрыс", - деді "Nur Otan" партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев.

Хатшының сөзінше, Астана бүгінде Қазақстанның брендіне айналған. 

"Астана" деген әлемге таныс болған брендті басқа нысандардан алмай, сақтап, одан әрі дамыта отырып, елордамыздың жаңа "Нұр-Сұлтан" атауын көңілімізге тоқи берейік дегім келеді. Жалпы ұлттың бірлігі мен ынтымағы үшін мәмілеге келе білген қазақстандықтар бұл жолы да асқан парасаттылық пен даналықты, көрегенділікті ту етеріне сенімім мол",- деді Қаныбек Жұмашев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы