Алғыс айту күні: Петропавл зейнеткерлері қоғамдық көлікте тегін жүрді

Солтүстік Қазастан, «BAQ.KZ» тілшісі. Алғыс айту күніне орай Петропавл зейнеткерлері қоғамдық көліктерде тегін жүрді. Бүгінгі күні облыс орталығында 60 жастан асқан 44 мың адам тұрып жатыр.

Петропавлдың қоғамдық көліктері көктемнің алғашқы күнінде зейнеткерлерге тегін қызмет көрсетуді дәстүрге айналдырған. Игі шара биыл да жалғасын тапты. Қайролла Серіков – қоғамдық көлікке сирек мінетіндігін айтады. Сондықтан, бұл жаңалықты білмеген.


«Жүргізуші жолақысын алудан бас тартты. Мен бүгін автобустар қариялар үшін тегін жүретінін білмеппін. Таң қалғаным, бір жағынан қуанғаным рас. 80 теңге көп сома емес, дегенмен жасы егде тартқан адамдарға осылайша көңіл бөлініп жатқанын көргенде іштей риза болады екенсің», - дейді қария.

Петропавл әкімдігінің бастамасымен, мереке күні қартттар қалаішілік бағытта қатынайтын барлық автобустардың қызметін тегін пайдаланды.

«Қала бойынша 24 бағытта автобус жүреді. Оның қызметін зейнеткерлердің барлығы тегін пайдалана алады. Тек адамның жасын растайтын құжат болу керек», - дейді Петропавл қалалық әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ораз Кәрішалов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы