АҚШ әскері "Әл-Каида" басшысының көзін жойды
Алматы, BAQ.KZ. АҚШ әскері Йемендегі "Әл-Каида" (Қазақстанда тыйым салынған) лаңкестік ұйымының басшысы Касима ар-Раимидің көзін жойды.
Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
АҚШ президенті Дональд Трамптың бұйрығымен Йеменде терроризмге қарсы операция жүргізілген, нәтижесінде ар-Раимидің көзі жойылған.
Оның өлімі Йемендегі "Әл-Каида" ұйымына үлкен соққы болды және жаһанға төндіріп отырған қауіпті сейілтуге жағдай жасайды. Америкалық халықты қорғау мақсатында бізге қастық ойлаған террористерді анықтап, көзін жоятын боламыз, - делінген Ақ үй таратқан мәліметте.
Бұған дейін, Дональд Трамп Сириядағы арнайы операция кезінде ДАИШ басшысы әл-Багдадиді өлтіргендерін хабарлаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды
Өзгелердің жаңалығы