10 Мамыр 2023 2023, 10:15
Фото: egemen.kz
Әл-Фараби даңғылының бір бөлігі жартылай жабылады
Астанада әл-Фараби даңғылының бір бөлігі 5 маусымға дейін ішінара жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астанада әл-Фараби даңғылының бір бөлігі 5 маусымға дейін ішінара жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әл-Фараби даңғылында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 10 мамыр мен 5 маусым аралығында А. Пушкин көшесінен Алаш тасжолына дейінгі учаскеде автокөліктер үшін қозғалыс ішінара тоқтатылады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл шара Астана қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасымен келісілді, - делінген хабарламада.