Әл-Фараби даңғылында жол жөнделеді

Әл-Фараби даңғылында орташа жол жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту баскармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Досмұхамедұлы көшесінен Алаш тас жолына дейінгі учаскеде Әл-Фараби даңғылында орташа жол жөндеу жүргізуді бастады.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты 4-7 тамыз аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Өзгелердің жаңалығы