Алғаш рет су астынан көне қоныстың орындары табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар алғаш рет мыңдаған жыл бұрын солтүстік-батыс Аустралия аумағында қоныстанған байырғы халықтың су асты археологиялық ескерткіштерін тапты. Бұл жайында "PLoS ONE" журналында айтылады.

Аборигендердің көне қоныс қирандысынан 260 тас артефакті табылған. Олар Брюгье мүйісіне жақын теңіз деңгейінен 2,4 метрге дейінгі тереңдікте орналасқан. Сондай-ақ 14 метр тереңдіктегі су астында қалған тұщы су көзі табылған.

Ғалымдардың қолына түскен бағалы артефактілердің жасы 7-8,5 мың жылдан асады деген болжам айтылуда. Мұндай есептеулер теңіз деңгейінің арнасынан асып, су басқан уақыттың негізінде жүргізілген болатын.

110 жылдан 10 мыңыншы жылға дейін созылған соңғы мұз дәуірінде Аустралияның аумағы екі миллион шаршы километрге артық болған. Оған себеп – теңіз деңгейінен төмен орналасқандығынан ашық жатқан жағалаулардың көп болуы еді. Мұндай жерлерге Аустралияға қоныс аударғандар тұрақтай бастады. Өйткені бұл жағалаулар Аустралияның басқа қуаңшылыққа ұшыраған аудандарымен салыстырғанда қолайлы микроклиматымен ерекшеленді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы