Ақжолдықтар вагон жөндеу зауытының жұмысшыларымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «AQ JOL» партиясының өкілдері вагон жөндеу зауытына барып, жұмысшылармен кездесті.

Партия келтірген мәліметке сүйенетін болсақ, 2020 жылы коронавирустық пандемияға және бірқатар кәсіпорындардың жабылуына байланысты 30 мыңнан астам адам жұмысынан айрылды. Болжам бойынша жыл соңына қарай жұмыссыздар саны тағы 17 мыңға артуы мүмкін.

«AQ JOL» партиясының төрағасы Азат Перуашев әріптестерімен бірге Нұр-Сұлтан қаласындағы вагон жөндеу зауытында болды. Кездесу барысында ол жұмысшылармен бизнесті қолдауға және жұмыс орындарын сақтауға қандай шаралар көмектесетінін талқылады.

Сонымен қатар кездесу барысында партия өкілдері зауыт жұмысшыларының пікірін біліп, өз бастамалары туралы айтып берді. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы