Ақжолдықтар Семейде баспагерлермен кездесу өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ақ жол» партиясы өкілдері «Казполиграф» ЖШС ұжымымен кездесті.

Бұл туралы «Ақ жол» демократиялық партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.


Кәсіпорын Қазақстан, жақын және алыс шетелдерге арналған қаптама өнімдерін шығарады. Соңғы бес жылда өндірістегі жабдықтар толығымен жаңартылды. Кәсіпорынның бас директоры Темірлан Оралбаевтың айтуынша, мемлекет кәсіпкерлерді қолдап жатыр. Ол мемлекеттік бағдарламалар бойынша бөлінетін бюджет қаражатын мемлекеттік тапсырыстарға ашық түрде бөлу керек екенін атап өтті.

Кездесу барысында ақжолдықтар мен ЖШС ұжымы отандық бизнесті қолдау, елдегі әлеуметтік саладағы бастамалар жөніндегі ойларын ортаға салды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы