Ақжолдықтар бірқатар кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Партия өкілдері «Алиса+» және «Фаворит Моторс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріндегі кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті.

«Ақ жол» ҚДП өкілдері бизнесті дамыту, Алаш идеясын насихаттау және қоғамдағы басқа да мәселелерді шешудің жолдарын талқылады.

Экономиканы жаңаша бағытта дамыту, әлеуметтік мәселелер жөнінде де сөз қозғалды. 

Партия өкілдерінің пікірінше, әркім өзгеруді өзінен бастауы керек. Жеке адам санасы өзгерсе, мемлекет те жаңаша өмір сүрудің қажеттігіне ден қояды .

Сондай-ақ партия өкілдері Көкшетау қаласындағы «Алуа - Строй»  құрылыс компаниясы салып жатқан құрылыс алаңына ат басын тіреді. Олар құрылысшылармен кездесіп, сауалдарға жауап берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы