Ақын Надежда Лушниковаға «Құрмет» грамотасы табысталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтыскер, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Надежда Лушниковаға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Құрмет» грамотасын табыстады.

Министр Надежда Лушниковаға зор денсаулық, шығармашылық шабыт тілеп, жалынды жырларымен əдебиетке үлес қосып келе жатқаны үшін алғыс айтты.

Өз кезегінде ұлағатты ұстаз Мемлекет басшысына ризашылығын білдіріп, Ақтоты Райымқұловаға «Қазақтың бір қызымын» кітабын сыйға тартты.


Ақын Қызылордадағы М.Мәметова атындағы педагогика училищесін, Абай атындағы Қазақ педагогика институтының филология факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. Қызылорда облысы «Ленин жолы» газетінде әдеби қызметкер, «Жазушы» баспасында редактор, ауыл мектептерінде мұғалім болды. Жастайынан домбыра тартып, ән орындаушылығымен, жазба жəне суырыпсалма ақындығымен танылды.

Ақынның «Елім менің», «Көңіл қошы» атты жеке жыр жинағы мен «Сағынарсыңдар мені де», «Қазақтың бір қызымын» кітабы жарық көрді. Ал айтыстары «Жыр шашу», «Мәңгі көктем» жинақтарына енген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы