Ақылы жолдан түскен қаржы қайда жұмсалады? Төлеген Абдуллин жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ИИДМ автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин айтты.

Бұдан бөлек, ақылы автомобиль жолына іргелес ауданда/елдімекенде тіркелген жеңіл көлік үшін құны 1000 теңге болатын жылдық абонемент қарастырылған. Ол 365 күнтізбелік күнге, ақылы учаскенің барлық бағыты үшін, екі бағытқа да қолданылады, - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ комитет төрағасы алымдардан түскен қаражат «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ұлттық операторының шотына түседі және осы учаскелерді күтіп ұстауға бағытталатын түсіндірді.

Бұл «Автомобиль жолдары туралы» заңға сәйкес 5-баптың 2-тармағы автомобиль жолдары мен учаскелерімен жүріп өту үшін ақы төлеу олардың бүкіл бойында көлік қозғалысының жоғары, қауіпсіз жылдамдығын қамтамасыз ете отырып, жүріп өту сапасының жоғарылатылған шарты орындалған кезде енгізіледі. Автокөлік құралдарының жүріп өтуінің қауіпсіздік талаптары мен қолайлы шарттарын толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді ИИДМ автомобиль жолдары комитетінің төрағасы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы