«Ақылды ауданда» тұлғаны тани алатын домофондар орнатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Интеллект жүйесі автоматты түрде тұлғаның бет-бейнесін деректер базасымен салыстырады. Бұл туралы «Astana Innovations» АҚ-ның Facebook-тегі парақшасында жазылды. 

«Біздің ақылды ауданда үш домофон енді тұлғаны тани алады (Face Recognition). Егер сіз Бараев көшесіндегі №12 үйдің тұрғыны болсаңыз, домофонның магнитті кілтін ұмытып немесе жоғалтып алсаңыз, оған еш қорықпауға болады. Жүйе өзінің деректер базасындағы ақпаратпен келген адамды автоматты түрде салыстырады және мұнда сол үйдің тұрғындарына ғана кіреберіс есігін ашады. База әр тұрғынның жеке келісімімен ғана толықтырылады», - деп жазылған берілген ақпаратта. 

Сонымен қатар, компания берген мәліметке сәйкес, домофон кіру есігін банктік картамен немесе ЖРТ жол жүру картасымен (мүлдем тегін), сондай-ақ мобильді қосымшаның көмегімен ашуға мүмкіндік береді. 

«Қазақстанда мұндай технология жоқ. «Ақылды аудан» жобасы елордалық «Жастар» шағын ауданының базасында жүзеге асырылуда. «Біздің «ақылды аудан» жобасы жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылуда. Осы жерде тестіленетін барлық шешімдер, егер өз тиімділігін дәлелдесе, қаланың бар аумағында қолданылуы мүмкін», - деп жазды «Astana Innovations» АҚ баспасөз қызметінің өкілі.  


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы