Акушерлікте шұғыл медициналық көмек көрсетудің жаңа тәсілдері енгізілуде

Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге және босанған әйелдерге медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ғылыми республикалық орталықтар мен жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамымен бірлесіп акушерлік қан кетулерді диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасын өзектендірді.

Халықаралық тәжірибе зерделеніп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) соңғы ұсынымдарын ескере отырып, тиісті өзгерістер енгізілді.

Жаңартылған хаттаманың шеңберінде босанғаннан кейінгі қан кету кезінде әйелдердің жағдайын тұрақтандыруға бағытталған медициналық алғашқы көмек көрсетудің жаңа тәсілі енгізілді. Бұл шокқа қарсы пневматикалық емес киімдерді қолдану.

Мәселен, "Ayala" қайырымдылық қорымен бірлесе отырып, пневматикалық емес шокқа қарсы киімнің алғашқы 9 костюмі Астана қаласының босандыру ұйымдарына берілді.
Барлығы "Ayala" ҚҚ 240 медициналық босандыру мекемесі мен еліміздің барлық өңірлеріндегі 90 жедел медициналық жәрдем бригадасына 350 бірлік киім берілетін болады.

Шокқа қарсы киім репродуктивтік денсаулық, аналар, жаңа туған нәрестелер мен балалар денсаулығы саласындағы негізгі араласулар үшін ДДҰ, ЮНИСЕФ және БҰҰ-ның халық саласындағы қорының (ЮНФПА) ведомствоаралық медициналық бұйымдар тізіміне енгізілген. Бұл киім жатырға қан ағымын азайтады, гиповолемиялық шокты емдейді және 48 сағатқа дейін қан кетуі бар әйелдің өмірін сақтай алады.

Озық ғылыми зерттеулерден алынған бұл инновациялық технология асқынулардың алдын алуға көмектеседі және бүкіл әлемдегі көптеген пациенттің өмірін сақтап қалады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы