ҚАЖ қызметкерлері "Дәрігерлерге мың алғыс" акциясын жалғастырды

Нұр- Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қалалық пробация қызметінің ұжымы бүгінгі күннің батырлары, ақ халатты абзал жандарға иммунитетті арттыратын өнімдерін табыстады. 

Пробация инспекторлары сақтық шараларын сақтай отырып, қазіргі әлем халқына қауіп төндірген коронавируспен күресіп жатқан, өзгелердің өмірі үшін аянбай еңбек етіп жүрген Қызылорда қалалық ауруханасының дәрігерлеріне алғыс айтып, қолдау көрсетті. Олар дәрігерлердің иммунетін нығайтуға арналған өнімдерді таратты.

Медицина қызметкерлерінің еңбегі зор. Күн демей, түн демей еңбек етіп жүрген, ақ халатты жандар өзгелердің өмірі үшін аянбай күресіп жатыр. Ел басына түскен қиын-қыстау сәтте дәрігерлерге қолдау көрсетіп, жылу сыйлап, "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, бірге екенімізді жеткізгіміз келеді,- деді қалалық пробация қызметінің бастығы әділет капитаны Ернияз Жеңіс.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы