Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова нағашыларына не үшін барғанын мәлім етті
Отандық танымал актриса Түркістан облысындағы Жетісай ауылында не істеп жүргенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ақ алтынды Жетісайдамын. Маған бұл мекен бөтен емес. Нағышыларымның ауылы. Бала күнімде жиі келетінмін. Сол себепті ең қызық та тәтті естеліктерім осы жермен байланысты. Жетісай ауданы мақта шаруашылығымен айналысатынын білесіз ғой?! Жазы ми қайнайтын ыстық. Сол аптапта шабыққа шығатынбыз. Баланың ісі шала емес пе, екі рет аяғымды кетпенмен шауып алғаным есімде. Сол кездерді ойласам, арықтан су ішіп, күннің астында жүріп, ағаштан алманы үзіп алып, етегімізге сүртіп жіберіп жесек те ауырмайтынбыз. Балалық мекенім сонысымен тәтті, ыстық, - дейді актриса.
Оның айтуынша, биыл Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрына 55 жыл толады. Осыған байланысты ол Г. Хугаевтың “Қара шекпен” пьесасының премьерасын қоюға келген.
Бұл өнер ордасының шымылдығы 1969 жылдың 18 қаңтарда ашылған. Ең алғаш көрерменге әдебиетінің классигі Б.Майлиннің «Жалбыр» музыкалық драмасын ұсынған еді. Ржиссері Қасымхан Шанин, басты рольде Жеңіс Қарғабаев ойнады. Театрдың ашылуы аудан көлемінде ғана емес, бүкіл Оңтүстік Қазақстандағы елеулі оқиға болды десем жаңылмаймын. Жетісай театры Республикамызда өзіндік шығармашылық қолтаңбасы бар, биік көркемдік дәрежедегі өнер шаңырағы екендігі анық, - деп жазады Жұлдыз.