Актриса Дариға Бадықованың басы дауға қалды
Актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі тікелей эфирде қазақша дубляждалған мультфильмге қатысты пікір айтып, басы дауға қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мен сіздерге басымды тік көтеріп айтамын, кино күшті. Ана бір мультикке қарағанда, кино күшті. Сендер қазір бір мультикке барып жатырсыңдар ғой. Не үшін барып жатқандарыңды білмеймін. Не үшін Голливудқа шапан кигізіп, ақша беріп жатқандарды түсінбеймін. Киноға барыңыздар, - дейді Бадықова тікелей эфирде.
Бұған дейін Disney ұсынған "Моана 2" анимациялық фильмінің қазақ тілінде дыбысталған нұсқасы кинотеатрларда көрсетіле бастағанын жазған болатынбыз.
Видеоның астына пікір қалдырған көрермендер актрисаның осы сөзі үшін "Моана 2" мультфильміне баратындарын жазып жатыр.
Қазір Қазақстан кинотеатрларында актрисаның "Таптым-ау, сені-2" фильмі көрсетіліп жатыр. Былтыр көрсетілген “Таптым-ау сені” фильмін 108 млн теңгеге түсірген. Фильм былтыр 10 күннің ішінде миллиард теңгеден астам табыс жинады.