Ақтоты Райымқұлова футзалдан Ұлттық құраманы құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы елге оралды. Осыған орай Қазақстан футбол федерациясында салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шарада команда және бапкерлермен кездесуде Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова құрамамыз жанкүйерлер үмітін ақтап, футзал әлемінде сенсация жасағанын жеткізді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Табанды ойын мəнерін көрсетіп, əлемнің алпауыт құрамаларына лайықты қарсылық көрсеттіңіздер. Терезесі тең ойында біздің құрама санасуға тиіс қарсылас екенін паш еттіңіздер. Сіздердің жеңіске деген зор ерік-жігерлеріңіз, команданың ұйымшылдығы, жанқиярлығы, патриотизмнің жарқын көрінісі көпке үлгі. Сіздер үшін əр матч оңайға түскен жоқ. Алайда сіздер сын сағатта шын шебер екендіктеріңізді көрсетумен болдыңыздар. Халықаралық футбол федерациясының біздің құраманы адал ойын көрсеткені үшін арнайы жүлдемен марапаттауы осының айқын дәлелі. Құрметті футболшылар, бапкерлер біз сіздерді мақтан тұтамыз, - деді министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы