28 Тамыз 2021 2021, 12:34

Ақтөбелік алимент аз төлеу үшін табысын жасырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алимент аз төлеу үшін баласынан 8 млн-нан аса теңге табысын жасырған борышкер анықталды. Бұл туралы Сот орындаушылар палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алимент аз төлеу үшін баласынан 8 млн-нан аса теңге табысын жасырған борышкер анықталды. Бұл туралы Сот орындаушылар палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Алимент аз төлеу үшін немесе мүлде төлемеу үшін борышкерлер түрлі қулыққа барады. Біздің елде бұл - қайғылы тәжірибе. Жеке кәсібі бар Ақтөбе тұрғыны өзіне ең төменгі жалақы белгілеп, баласынан үш жыл ішінде 8 158 863 теңге алимент жасырған. Ақиқат жеке сот орындаушының араласуынан кейін ашылды, - делінген хабарламада.

Сот орындаушы кәсіпкердің кірісін тексерген.

Борышкер ЖСО әрекетіне сотқа шағымданған, бірақ ол қанағаттандырылмады. Борышкердің жүргізуші куәлігін уақытша тоқтатуға ЖСО ұсыныс жолдағаннан кейін ғана ер адам қарызын толығымен өтеген.