Ақтөбедегі жол апатынан бір әйел көз жұмып, бірнеше адам жарақат алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде жол-көлік оқиғасында әйел адам көз жұмды, деп хабарлады Polisia.kz.
18 маусым сағат 19:20 шамасында Toyota Hilux автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласы, ГМЗ айналма тас жолы бойымен Заречный айналма тас жолы жағынан Заречный-3 ауылына апаратын жаңа көпіріне қарай солға бұрылу маневрін жасау кезінде ГМЗ айналма тас жолы бойымен ГМЗ жағынан Заречный жағына басты жолда келе жатқан ВАЗ 2107 автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде ВАЗ 2107 автокөлігінің 40 жастағы жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Ал 17 маусымда Toyota Alphard автокөлігінің 63 жастағы жүргізушісі Хромтау қаласы жағынан Хромтау ауданының Дон кенті бағытында, Самара-Шымкент автожолында Дон кентінің маңында жүріп келе жатып, басып озуды бастамас бұрын, сол жолақпен көлік құралының ілеспе бағытында келе жатқан жүргізушінің солға маневр жасау туралы сигнал бермей және жол бергеніне көз жеткізбей Nissan Europe автокөлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан Toyota Alphart автокөлігінің үш жолаушысы, оның ішінде төрт жасар қыз Хромтау ауданының ауруханасына жатқызылды.