Ақтөбеде жол апатынан Toyota Land Cruiser жүргізушісі қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 тамыз күні сағат 17.20-да «Покровка-Жаңажол» тас жолында жол-көлік оқиғасы болды.
Toyota Land Cruiser автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласы жағынан Темір ауданының Кеңқияқ кенті бағытында 21 шақырымында, Темір қаласы маңындағы жергілікті маңызы бар «Покровка-Жаңажол» жолында автокөлігін басқара алмай, көлік құралының қозғалысы барысында оң жаққа аударылып кеткені анықталды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ал 46 жастағы жолаушы Кеңқияқ ауылдық ауруханасына жатқызылды, - делінген хабарламада.
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша тергеу жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жапонияда қалың нөсер жауып, 2 млн-ға жуық адам эвакуацияланды
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы