Ақтөбеде жол апатынан екі көлік өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, екеуі де өртеніп кеткен.

Жол апаты «Шұбарқұдық-Соль-Илецк» тасжолының Ойыл ауданы Саралжын ауылы маңында болған.

«Ваз-2110» автокөлігі «Мitsubisi Montero» автокөлігімен соқтығысып, екі автокөлік жолдан шығып, өртеніп кетті. Жол апаты салдарынан автокөлік жүргізушілері мен 5 жолаушы жарақат алып, Ойыл аудандық ауруханасына жеткізілді,– деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы