Ақтөбеде жаяу жүргіншілер жолағында жеті жасар баланы көлік қағып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде Lada жүргізушісі 7 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

15 шілдеде сағат 16:00 шамасында Ақтөбе қаласының Иманов көшесінің бойында жол-көлік оқиғасы болды. Lada Largus автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жолдан өтіп бара жатқан 7 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Кәмелетке толмаған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, – делінген мәліметте.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы