Ақтөбеде Төлеген мен Шәмшіге ескерткіш орнатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде ақын Төлеген Айбергенов пен композитор Шәмші Қалдаяқовқа арналған ескерткіштердің ашылу салтанаты өтті.


Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, Шәмші Қалдаяқовтың апасы - Райхан Домбаева, ақын Төлеген Айбергеновтің қызы - Махаббат Айбергенова, ​ “Әдебиет. Рух. Қоғам” атты екі күндік республикалық әдеби форумның қатысушылары және т.б. келді.


Қадірлі ел ағалары, бауырлар! Біз бүгінгі күні «Алтын бесік - Ақтөбенің» төрінде орын алған тарихи сәттің куәгері болып отырмыз. Күні кешегіміз бүгін тарихққа айналса, бүгінгіміз ертеңгі тарих болмақ.​ Қазақ даласы дарынды тұлғалалардан кенде емес. Қай-қайсысының да тарих төрінен ойып алар өзіндік орны бар. Бөліп –жаратын ештеме жоқ. Дегенмен сол таланттар шоғырының ішінде​ Төлеген Айбергенов пен Шәмші Қалдаяқовтың орындары ерекше,- деді Оңдасын Оразалин құттықтау сөзінде.


Ескерткіштер қала орталығында – ағайынды Жұбановтар көшесі бойындағы Ғашықтар аллеясында орналасқан. 

Төлеген Айбергенов ескерткішінің биіктігі - 3,2 метр. 

Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші композитордың қолына музыкалық аспапты алған күйі отырғышта отырғанын бейнелеген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде қос алыпқа ескерткіш орнатылатыны туралы хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы