Ақтөбеде «Тәуелсіз ел Елбасы жолымен» атты салтанатты шара өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде 30 қараша күні «Жекпе-жек» сарайында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тәуелсіз ел Елбасы жолымен» атты  салтанатты шара өтті.

Оған облыс әкімі Оңдасын Оразалин, еңбек ардагерлері мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Еліміздің ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен даму жолы бейнеленген «Тәуелсіз ел Елбасы жолымен» атты театрландырылған көрініс болды.

Егемендіктің отыз жылдық мерейлі жылында ел тарихындағы елеулі кезеңді бастан өткерудеміз. Осы уақыт өлшеміндегі жетістіктерді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай біртуар тұлғасыз елестету қиын. Ғасырларға жүк болар ауқымды істерді  атқарды. Әлемдік тәжірибеде зайырлы елдер, түрлі кезеңде мемлекет басқарған қандай тұлға болмасын оның болмысына зор құрметпен қарайды. Біздің бүгінгі атап отырған  ҚР Тұңғыш Президенті күні сондай құрметтің нышаны. Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ дейді қазақ. Өздеріңіз жақсы білесіздер, мен Елбасының жанында жүріп он екі жыл қызмет жасадым. Елдің қамы үшін  тынымсыз еңбегінің куәсі болдым. Бүгінгі біз көріп отырған жетістіктердің  қай-қайсысы болсын, оңайлықпен келмегенін көзіммен көрдім. Жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін де ерекше сезінген адаммын. Еркіндік алып, өз алдымызға ел болу, ата-бабаларымыздың асыл арманы еді. Сол арманды іске асыру Елбасына, оның нәтижесін көру біздің бағымызға бұйырды, – деп атап өтті Өңір басшысы.



Шара кезінде облыс әкімі өңірдің экономика, денсаулық сақтау, әлеуметтік салаларының дамуына сүбелі үлес қосып, қоғамдық өмірге белсенді ат салысып жүрген ақтөбеліктерді марапаттады.


Атап айтқанда, түрлі аталымдағы «Жомарт жүрек» медалі спортшы Нұрислам Санаевқа, меценаттар – Алмабек Төлеповке,  Досбол Бакенов пен Алдамберген Жолдасовқа, ал «Жылдың Үздік Ұйымы» аталымы Дөң кен байыту комбинатына берілді. Тағы 6 адам «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерін алды. Бұдан өзге, «Казхром» ТҰК АҚ президенті Арман Есенжолов, облыстың бас инфекционист дәрігері Мейрамбек Құрманғазин, кәсіпкер Владимир Гринберг, мүсінші Жеңіс Жұбанқосов, полицей Мұратбек Нұрмағамбетов пен белсенді Нұржан Оразов "Жыл адамы - 2021" атағын иеленді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы