Ақтөбеде "Отбасын сақтау" орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Жоғарғы Сотының  «Отбасылық сот» жобасын жүзеге асыру аясында Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен және қалалық соттың бастамасымен «Отбасын сақтау орталығы» ашылды.

"Анаға тағзым" ғимаратындағы жаңа орталық ерлі-зайыптылар арасындағы дауларды реттеуге, отбасылық ахуалды сауықтыруға, кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қорғауға көмектеседі.

"Бұл орталық мемлекеттік отбасы саясатын дамытуды, қазақ шаңырағындағы құндылықтарды насихаттауды және жараса алмай жүрген ерлі-зайыптыларға психологиялық көмек көрсетуді мақсат етеді. Рухани-адамгершілік тәрбиені түсіндіру де бір міндетіміз. Жаңа мекеме отбасын сақтауға, ең бастысы кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғауға және ата-анасының қасында болуға мүмкіндік туғызады деген ойдамыз", - дейді жергілікті әкімдіктің өкілдері.

Айта кетейік, былтырғы 4 айда некені бұзу туралы 1 002 талап арыз түсіп, оның 4420-не қатысты шешім шығарылса, 254 іс татуласуға байланысты тоқтатылған. Ал биылғы уақытта 1 264 талап арыз түсіп, 403-не шешім шығарылыпты. Ал 518 іс ерлі-зайыптылардың тіл табысуымен аяқталған. Бұл деректер отбасын сақтау орталығының жұмысын жандандыру қажеттігін аңғартады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы