2 Тамыз 2021, 14:18
Ақтөбеде мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қарақшы құрықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында жалдамалы үйден жеті миллион теңге ұрлағандары үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қарақшы ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында жалдамалы үйден жеті миллион теңге ұрлағандары үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қарақшы ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
14 ақпан күні сағат 19:00-де Мәртөк ауданының ПБ кезекші бөлімінің «102» телефонына белгісіз адамдар Мәртөк ауданының Жайсаң кентінде ақша салынған сөмкені алып, Ақтөбе қаласына қарай Daewoo Nexia автокөлігімен кетіп қалғаны туралы қоңырау келіп түсті.
Сол күні сағат 17:00-де төрт белгісіз адам Жайсан кентінде орналасқан жалдамалы үйге заңсыз кіріп, зорлық-зомбылық пен қаруды қолдана отырып, ЖШС-нің бірінің үш күзетшісіне қарақшылық шабуыл жасаған, онда жеті миллион теңге сомасында ақша қаражатын ашық түрде ұрлап кеткен.
Одан кейін оқиға орнынан Daewoo Nexia автокөлігімен қашып кеткен. Криминалдық полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстады, ал екеуі қашып үлгерген. Оларға мемлекетаралық іздеу жарияланды.
Ағымдағы жылдың 28 шілдеде іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласында іздестіріліп жатқан адамдарды ұстады. Күдіктілер Ақтөбе қаласының УҰИ-ға қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген хабарламада.
- Солтүстік Қазақстанда 20 млн долларға аграрлық ғылыми орталық құрылады 18.11.2026
- Астанада Kaztraffic-2026 халықаралық көрмесі жұмысын бастады 18.11.2026
- Оралда үш жасар қыз пәтерде қамалып қалған 18.11.2026
- Семейде TikTok эфирінде балағат сөз айтқан әйел мәжбүрлі емдеуге жіберілді 18.11.2026
- Жүрегі оң жақта орналасқан: Астаналық дәрігерлер әйелге күрделі ота жасады 18.11.2026
- Түркістан облысында жылына 50 мың бас мал бордақылайтын ірі кешен ашылды 18.11.2026
- Балқашта 13 және 15 жастағы қыздарға қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдіктілер қамауға алынды 18.11.2026