Ақтөбеде мас жүргізуші қамауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде мас жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдік полиция қызметкерлерінің Нокин даңғылында қызмет атқаруы кезінде ҚР ЖҚЕ бұзған «Ваз-21099» маркалы автокөлігі тоқтатылды.
Тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шықты, жүргізілген сараптама 32 жастағы жүргізушінің мас күйінде екенін көрсетті.
Сонымен қатар жүргізушінің бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (Мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Досаев Тоқаевқа инфляция бойынша есеп берді
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы