Ақтөбеде карантин режимі ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында карантиндік шектеулер мерзімі ұзартылды. Бұл туралы өңірдің бас санитарлық дәрігері қаулысында жариялады.
Жергілікті мектеп пен мектепке дейінгі мекемелерде тек кезекші топтар сабақ оқиды. Оқушылар мен мұғалімдер міндетті түрде маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауы қажет. Отбасылық, бұқаралық жиындарды және бейбіт шерулерді өткізуге болмайды, - деп жазылған хабарламада.Жексенбі және мерекелік күндері сауда мен ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтатылады. Тек дәріханалар мен супермаркеттердің қызметі жалғаса береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Димаш Құдайберген танымалдылығы артқан сайын неден қорқады?
Өзгелердің жаңалығы