Ақтөбеде салынып жатқан триатлон парк шілдеде аяқталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Біз оны мақтанышпен айта аламыз. Елдің азаматтары елдің жағдайын жақсартуға үлес ретінде өз қалталарынан 400 млн теңге шығарып, былтыр құрылысқа кіріскен еді. Биыл шілдеде құрылыс аяқталады. Триатлон парк веложолақ пен жүгірушілерге арналған. Ол қаланың қақ ортасында орналасқан. Тұрғындардың демалатын жеріне айналды. Біз жаяу жүргіншілерге арнап, үшінші жолақты қостық. Сол үшін кішкене іркіліс болды, - деді Оразалин.
Оның айтуынша, шілде айында құрылыс аяқталған соң бұл орын тұрғындардың демалатын орнына айналады.
Жалпы бұл өте сирек кездесетін жоба. Ақтөбеліктер бұл жобаны өте үлкен қуанышпен қабылдады, - деді ол.
Сондай-ақ әкім өңірде өзге спорт нысандарының құрылысы жалғасып жатқанын айтты.
Жыл басынан бері шаңғы-роллер трассасы, триатлон паркі және 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 3 ауданда дене шынықтыру-сауықтыру кешенін іске қосу жоспарлануда, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы