Ақтөбеде бірегей перинаталды орталық ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ақтөбеде көптен күткен  перинаталды орталық ашылды.

Осы оқиғаға байланысты өткен салтанатты рәсімге облыс әкімі Оңдасын Оразалин, өңірдегі медицина жұртшылығы мен т.б. қатысты.

Жаңа перинаталды орталықта жүктілік пен неонаталдық кезеңнің асқынуларына байланысты медициналық көмек көрсетуге барлық жағдай жасалған. Соның ішінде мұнда салмағы 500 грамм болатын шала туған балаларды күтуге болады.


Оңдасын Оразалин перинаталды орталықтың материалдық-техникалық жарақтануын қарап шықты.

Осында бар барлық медициналық жабдықтар заманауи перинаталды технологиялардың талаптарына сай.

Әрбір операциялық және реанимациялық бөлме медициналық газды орталықтан беретін консольмен, наркозды-тыныс алу аппараттарымен және ана мен жаңа туған сәбидің жағдайын  бақылайтын мониторлармен жабдықталған. Медициналық көмек көрсететуге және жаңа туған сәбиді күтуге арналған бөлмелер ауаны залалсыздандыратын желдеткіш жүйемен жабдықталған.


Жаңа медициналық мекемеде 190 кереует, сонымен қатар, 120 келушіге арналған кеңес беру-диагностикалық орталық бар.
Перинаталды орталық штатында 600 жұмысшы еңбек етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы