Ақтөбеде атты патрульдер құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында атты полицейлер жұмысқа кірісті. Олардың міндеті – саяжай массивтері мен көшелерде тәртіптің сақталуын бақылау, деп жазды inbusiness.kz.
Сондай-ақ атқа мінген тәртіп сақшылары жағажайлардағы жағдайды қатаң бақылайды. Олар күнделікті сағат 15.00-ден 22.00-ге дейін Қарғалы және Елек өзендерінің жағасында орналасқан жағажайлар мен саяжай алқаптарын назарда ұстап отырады, себебі, жаздың аптап ыстығында белгіленбеген жерде суға түсетін тұрғындар саны азаймауда.
Судағы ересектер мен балалардың мінез-құлқы полиция үшін ерекше алаңдаушылық тудырады. Жыл басынан бері облыстың су айдындарында 6 адам суға батып кетті, оның 3-еуі – бала. Қазіргі күні жергілікті көлдер мен өзендердің жанында онға жуық патрульдеу маршруттары әзірленді, олардың 8-і атты полицияның бақылауында болады. Жалпы саны 16 атты полицей жұмысқа жұмылдырылды, – дейді ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ардана Саймағамбетов.
Тәртіп сақшылары көлік жүре алмайтын кез келген жерге бара алатын және жүріп-тұруға қолайлы саналатын ат үстіндегі қызметті тиімді деп бағалап отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтанда аула кеңістігін құрудың жаңа тәсілі енгізілді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы