Ақтөбеде 126 жасөспірім полицияға жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде 126 жасөспірім полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

24-30 наурыз аралығында облыс аумағында «Демалыс» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жолын кесу және балалар мен жасөспірімдер қылмысының алдын алу.

Жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық орындарында рейдтік жұмыстар жүргізді.

Нәтижесінде жедел алдын алу іс-шарасының екі күнінде ІІО-ға 126 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, оның ішінде 114-і заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін.

Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін тоғыз ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь өнімдерін сатқаны үшін – төрт, 21 жасқа толмаған тұлғаларға темекі өнімдерін сатқаны үшін – үш, кәмелетке толмағандарды ойын-сауық мекемесіне 22.00 сағаттан кейін заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз жібергені үшін екі жеке кәсіпкер жауапқа тартылды.

ПБ есебіне 21 жасөспірім және 25 жағдайы төмен отбасы қойылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы