Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 мамыр күні таңғы сағат 06:00-де Хромтау ауданы Бөгетсай кентінің маңында Самара-Шымкент автожолының 909 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды.

Nissan PRIMERA маркалы автокөлігінің 61 жастағы жүргізушісі Самара-Шымкент автожолында алдын ала болжам бойынша қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Қырғызстан азаматының басқаруындағы Мерседес-BENZ маркалы жүк көлігінің соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан NISSAN PRIMERA маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Осыған байланысты Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысы қатысушыларына жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Автокөлік рульіне шаршаңқы күйде отыруға болмайды, жылдамдық режимі мен маневрді басып озу ережелерін қатаң сақтау қажет, себебі жол қателіктерді кешірмейді, - деді облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов.

 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы