Ақтөбе облысының пробация қызметі сотталғандарды жұмысқа орналастырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының Хромтау аудандық пробация қызметі жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша жүйелі жұмыстар атқаруда, деп хабарлайды polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Хромтау аудандық пробация қызметінің қызметкерлері есепте тұрған жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Мәселен, өткен 2020 жылы аталған Пробация қызметі елімізде пандемия орын алғанына қарамастан, 31 сотталғанды квота бойынша тұрақты жұмысқа орналастырды. Биыл жыл басынан бастап, аталған Пробация қызметінің ықпалымен есепте тұрған жұмыссыз 14 сотталған квота арқылы жұмысқа орналасып үлгерді.Пробация қызметкерлерінің айтуынша, сотталғандардың қайта қылмысқа баруына жол бермеу мақсатында, оларды жұмыспен қамту мәселесі – барлық Пробация қызметкерлерінің алдында тұратын басты тапсырма.
Атап өтетіні, Пробация қызметі қызметкерлерінің аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлескен жұмыстары нәтижесінде, жергілікті жердегі “КАЗХРОМ ТҰҚ”, “БШПУ”, “Хромтау кірпіш зауыты”, “Восход-Оriel”, “АЛИГАТР” және “Сапар” ЖШС-леріне тұрақты жұмысқа орналасқан сотталғандардың арасында 300 мың айлық жалақымен отбасыларын асырап, аяққа тұрып келетіндері де аз емес.
Жыл басынан бастап пробация қызметі аудандық жұмыспен қамту орталығында өткен жәрменкеге жұмыссыз сотталғандарды қатыстыру арқылы, мамандығы жоқ 2- сотталғанды кәсіптік оқуға тіркеді. Сонымен қатар алты сотталған қоғамдық жұмысқа орналастырылды. Жалпы, қоғамдық жұмыстарға мамандығы немесе арнайы білімі жоқ сотталғандар тұрғылықты жерінде кәсіпорындар болмаған жағдайда орналыстырылады. Осы ретте, сотталған азаматтардың жаза өтеу тәртібін бұзбай, жұмыстарын адал атқаратынына сенім артамыз, – дейді Хромтау аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Айнұр Болатпаева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус дәуіріндегі кеңес: Қандай және қанша су ішу керек
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы