Ақтөбе облысында жолдар жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының нашарлауына байланысты Ақтөбе облысында жолдар жабылды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
8 наурыз күні елорда уақытымен сағат 17:00-де Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) «Самара-Шымкент» тас жолының 776-836 шақырымында (Белогорка - Хромтау) және 615-710 шақырымында (Қобда - Күршісай) барлық автокөлік түрлері үшін шектеу енгізілді.
Сонымен бірге, сағат 16:30-да «Ақтөбе-Орск» тас жолының 39-136 шақырымында (Ш.Қалдаяқов ауылы – РФ шекарасы) барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектелді.
Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) «Самара-Шымкент» тас жолының 394-526 шақырымында, Жымпиты кенті мен Ақтөбе облысының шекарасы арасында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектеледі.
Сонымен бірге, бұл уақытта Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» автожолының 526-712 шақырымы, Батыс Қазақстан облысының шекарасы мен Күршісай кентінің арасында жүк және қоғамдық көліктер үшін шектеу салынады. Ал «Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы» автожолының 24-99 шақырымы, Сарыжар ауылы мен РФ шекарасы аралығында автокөліктердің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.