Ақтөбе облысында жол жөндеу жұмыстары тексерілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин аймақтағы жолдарды жөндеу жұмысымен танысты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өңір басшысы кезекті жұмыс сапары барысында жауапты мемлекеттік органдар мен мердігер мекемелердің басшыларына жөндеу және құрылыс жұмыстарын жоғары сапада орындауды тапсырып, нәтижесіне жекелей жауапты екендерін ескертті.
"Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында автожолдарды күрделі жөндеуге байланысты бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Өрлеу елдімекенінде 5,7 шақырым, Ақжар елдімекенінде 2,6 шақырым жолдар асфальтталып, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар да қоса салынуда", - делінген таратылған ақпаратта.
Одан өзге, Бекқұл баба ауылының орталығындағы 1,2 шақырым көше мен Ясный елдімекенінің жолдарына жақын арада жөндеу жұмыстары басталмақ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Өзгелердің жаңалығы