Ақтөбе облысында жол апатынан бір отбасының төрт адамы қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында ЖКО салдарынан бір отбасының төрт адамы қайтыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ырғыз ауданы Қалыбай кентінің жанындағы Самара-Шымкент автожолында (аудан орталығынан 90 шақырым жерде) жол-көлік оқиғасы орын алып, адам өліміне әкеп соқты. Полиция қызметкерлері Шалқар ауданының тұрғыны 39 жастағы Nissan X-Trail автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласы жағынан Ырғыз кенті бағытында 1080 шақырымында Қалыбай ауылына жақын жерде Самара-Шымкент автожолымен жүріп келе жатқан Қырғызстан Республикасының азаматының басқаруындағы Volvo FH460 жүк көлігімен соқтығысқанын анықтады.
ЖКО салдарынан Nissan X-Trail автокөлігінің жүргізушісі 40 жастағы зайыбы, 11 жасар ұлы алған жарақатынан ЖКО орнында көз жұмып, 5 жасар ұлы мен 10 жасар қызы Ырғыз ауданының орталық ауруханасына жатқызылып, онда бес жасар ұлы көз жұмды.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстановтың айтуынша, статистика бойынша ЖКО себептерінің бірі – қарсы қозғалыс жолағына шығу болып табылады. Талдау көрсеткендей, оқиғалар қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығудан бұрын бірқатар басқа бұзушылықтардың салдарынан да болады: мас күйінде басқару, жылдамдық режимін асыру және, тиісінше, басқаруды жоғалту.
Барлық жүргізушілерге ескертеміз – басып озбас бұрын, басып озу үшін жеткілікті қашықтықта жүргіңіз келетін қозғалыс жолағы бос екеніне және басып озу кезінде сіз жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтірмейтініңізге көз жеткізіңіз. Жол қозғалысының барлық қатысушыларын жүріс бөлігіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз, – деді Атығай Арыстанов.