Ақтөбе облысында орташа жалақы өседі – Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақтөбе облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары таныстырылған Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин айтты.
Асқар Мамин айтқандай, Ақтөбе облысының елді мекендерінде инженерлік-коммуникациялық, индустриялық, көлік инфрақұрылымын дамыту жобалары жүзеге асырылады.Ақтөбе облысы – батыс агломерациясының орталығы, еліміздегі маңызды индустриялық-аграрлық өңір екенін атап өтті. Металлургия, химия және мұнай-газ салаларын дамыту үшін облыстың айтарлықтай әлеуеті бар. Кешенді жоспардың 36 іс-шарасын іске асыру облыстың дамуына жаңа серпін береді, бес жыл ішінде шамамен 5,8 трлн теңге инвестиция тартуға мүмкіндік береді, - деді ол.
Облыста жаңа денсаулық сақтау, білім нысандары мен өндіріс орындарын ашу өңірдің дамуына жаңа серпін береді. 114 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Ең бастысы облыстың тұрмыс сапасы мен әл-ауқаты артады, орташа жалақы өседі. Біз бұл кешенді жоспарды мақұлдаймыз. Кешенді жоспарды жүзеге асыру үшін барлық күш-жігер жұмсалуы қажет. Барлық орган жоспардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін, - деді Мамин.