Ақтөбе облысында «Қызметтік қару» жедел алдын алу іс-шарасы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпы облыс бойынша қызметтік қару пайдаланатын 144 жеке субъект тіркелген.  

Қызметтік қару айналымына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында 2021 жылғы 22 ақпан мен 5 наурыз аралығында банктер мен күзет ұйымдарын инкассациялау қызметтерінің қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы жөніндегі заңнама талаптарының сақталуын тексеру бойынша «Қызметтік қару» жедел алдын алу іс-шарасы  жүргізілуде.

Жалпы облыс бойынша қызметтік қару пайдаланатын 144 жеке субъект тіркелген. Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 45 субъект қамтылды, бұл 32%-дан астамды құрады.

Бұл іс-шара 5 наурызға дейін жалғасады, онда банк инкассация қызметтері, «Қазпошта» акционерлік қоғамы және облыстың күзет ұйымдары қызметтік қаруды сақтау заңдылығын тексереді, - деп атап өтті ПД ӘПБ бастығы Ерлан Әлімағамбетов.

Тексеру барысында күзет ұйымдары қызметкерлерінің қызметтік қаруды сақтау және есепке алу бойынша 6 ереже бұзуы  анықталды, соның нәтижесінде аталған ұйымдар ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және заңдылықты бұзушылықты жою туралы актілер жасалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы