Ақтөбе облысында бір тәулікте полицияға 44 адам жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында бір тәулік ішінде полицияға 44 адам жеткізілді, деп хабарлады Polisia.kz.
Жедел мәліметке сәйкес, Ақтөбе облысы бойынша кезекші тәулікте 12 қылмыс тіркелді, оның ішінде алтауы «ізін суытпай» ашылды. Бір тәулік ішінде 634 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін екі жүргізуші. ЖҚЕ бұзғаны үшін – 392, қоғамдық орында мас күйде болған 47 адам анықталды, ұсақ бұзақылық үшін 28 хаттама толтырылды. Басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 242 хаттама толтырылды.
ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен 85 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен 85 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Ақтөбе – Нөкіс» бағытында жаңа әуе қатынасы ашылады
Өзгелердің жаңалығы