Ақтөбе облысында 800-ден астам жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысында пайдаланылмай жатқан жер мәселесі талқыланды, деп хабарлады Aktobenews.kz. 

Жиында пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне және іскери айналымға кері қайтару мәселесі қаралды. Прокурорлар мәліметінше, биыл 293 заңсыз актінің күші жойылған және өзгертілген. 

«Биыл қадағалау актілері бойынша 259 азаматтың құқықтары қорғалды. 16 лауазымды тұлға әртүрлі деңгейдегі жауаптылыққа тартылды. Кадастрлық құны 630 миллион теңгеден аса қаржыны құрайтын жер учаскелері мемлекет меншігіне кері қайтарылды», - деп хабарлады облыстық прокуратура.

Прокурорлардың араласуымен облыста пайдаланылмаған 805 жер учаскесінің 233 іскери айналымға берілсе, 115 жер учаскесі мемлекет меншігіне кері қайтарылған. Ал қалған жер учаскелерін пайдаланушыларға заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілген.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы