Ақтөбе облысында 6 борышкер жауапкершілікке тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында 6 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады жеке сот орындаушылар палатасының баспасөз қызметі.
6 ақтөбелік борышкер алимент төлемегені үшін 2-ден 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынды. Жылдар бойы әкелік міндеттемелерін орындамай, қарыздарын 1,5 - 2,5 миллионға дейін жеткізген. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында елімізде ЖСО ұсынысымен 1016 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған, - делінген хабарламада.Естеріңізге сала кетейік, әкімшілік қамаққа алынған борышкерлер міндеттерінен босатылмайды. Алимент ерте ме, кеш пе төленуі керек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Райымқұлова «Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілім алаңында болды
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы