Активтерді қайтару жөніндегі қызметтің бастығы тағайындалды
Бас Прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Нұрдәулет Сүйіндіков Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Нұрдәулет Сүйіндіков еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы прокурорының аға көмекшісі ретінде бастаған.
Әр жылдары Бас прокуратураның бөлім бастығы, Бас Прокурордың аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі, Департамент бастығының орынбасары – Бас прокуратураның ресми өкілі, Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры, Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары, Стартегиялық даму департаментінің бастығы, Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы болды.
Кейінгі екі жыл Активтерді қайтару комитетінің төрағасы лауазымында қызмет істеді.
Қызметтегі жоғары жетістіктері үшін Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.
Еске салсақ, жыл басында елімізде активтерді қайтару қызметі құрылған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Енді алимент төлеуден жалтарған такси жүргізушілері ұсталады
Келесі жаңалық
Тоқаев Бас Прокурордың орынбасарын тағайындады
Өзгелердің жаңалығы