Активтерді қайтару. Түркістан облысында жаңа мектеп салынады

Түркістан облысының Темірлан аулында 300 орындық жаңа өнер мектебін салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекетке қайтарылған қаражаттан Түркістан мен Ақмола облысында әлеуметтік нысандар салынатынын жазған едік.

Түркістан облысында 1974 жылы қабырғасы каркастан салынған қазіргі ғимарат заманауи санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай емес, сондықтан күрделі жөндеуге жарамайды. Соған қарамастан бүгінгі таңда кешен жұмыс істеп тұр. 

Орталықта 420-ға дейін бала оқиды, бұл оның қазіргі қабылдау мүмкіндігінен 2 есе артық, 45 мұғалім сабақ береді. Жаңа жоба ауылда өнер саласында қосымша сапалы білім алу үшін жағдай жасайды. Балалар жайлы ортада музыкамен, хореографиямен айналысуға мүмкіндік алады.    

Өнер мектебінің мұғалімі Сәуле Әбішева жаңа білім ошағына қатысты жаңалыққа қуанышын жеткізді.

Бұл жерде 40 жылдан астам уақыт жұмыс істеймін. Бұл біздің қара шаңырағымыз десек болады. Ал ғимаратымыздың бой көтергеніне 40 жыл болып қалды. Қаншама түлек шығып жатыр, оның ішінде өз шәкірттерім де бар. Бүгінде олардың көбі республика мен облыстарда жұмыс істеп жатыр. Жаңа ғимарат салынады деп қуантып жатырсыздар. Ауылға көңіл бөлініп жатқанына қуаныштымыз. Бұл жерде түлектеріміз көбейеді деген ниеттеміз. Заманауи үлгіде болса деген тілегіміз бар. Жаңа білім базасы болса, аспаптарымыз жаңарса, одан да үлкен жетістіктерге жетеміз деп ойлаймыз, - деді Сәуле Қошанқызы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы