Актер Қапан Бадыровтың туғанына – 120 жыл

Бүгін Қазақстанның халық әртісі, актер Қапан Бадыровтың туғанына – 120 жыл, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қапан Бадыров театр сахнасында көптеген бірегей образ сомдады. Әсіресе, Науан хазірет пен Отелло бейнелері — Бадыровтың қазақ сахна өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі болды.

Кейінірек У. Шекспирдің «Асауға-тұсауындағы» Баптиста, М. Әуезовтің «Еңлік–Кебегіндегі» Абыз бейнелері сияқты қарама-қайшы кейіпкерлерді сахналауы оның жан-жақты дарынын танытты.

Сондай-ақ актер «Амангелді», «Абай әндері» , «Алып туралы аңыз», «Өмір жолы» және тағы басқа фильмдерге түсті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы