Актер Әбдіхалықов әуреге салған әуекомпаниясының тірлігіне наразылық білдірді

Актер, кинопродюсер Сәбит Әбдіхалықов еліміздегі әуекомпанияның қызметіне шағымданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сәбит Әбдіхалықов Алматыдан Астанаға ұшпақ болғанда аяқ астынан басқа ұшаққа отырғызғанын айтады.

Air Astana-дан билет сатып алсақ та, рейсіміз (KC624 Астана – Алматы, 21.02.25, 11:20) FlyArystan-ға ауыстырылған. Бұл туралы соңғы сәтте хабарлап, “толық қайтарым немесе басқа рейске тегін ауыстыруды” ұсынып отыр. Бірақ неге біз Air Astana-ға төлеп, FlyArystan-мен ұшуымыз керек? Қызмет сапасы мен ұшақтың жайлылығы екі түрлі деңгейде. Аттың ақшасын алып, жаяу жібергендей жағдай. Бірдеңе десең, “шағымды сайтқа жазыңыз” деп шығарып салады. Біз осыған үнемі көне беруіміз керек пе? – деп жазды актер.

Air Astana өз кезегінде әуекомпаниясы мұны рейстің ұшпай қалуының алдын алумен байланыстырды.

Бұл жағдайда әуекомпания рейс ұшпай қалудың алдын алу үшін резервтегі ұшақты пайдаланды. Жолаушыларымызды діттеген жеріне қауіпсіз жеткізу үшін бірнеше жол ұсынуға бар күшімізді саламыз. Келтірген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз, - деді әуекомпаниядан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы